GREEN HORIZON: AFFORESTATION PROJECT IN KAZAKHSTAN жобасының (Verra Project ID 6267) ресми пропоненті болып табылатын «Green Investment Group» ЖШС мүдделі тараптарды Verra ұйымы әкімшілендіретін Verified Carbon Standard (VCS) және Sustainable Development Verified Impact Standard (SD VISta) халықаралық бағдарламалары шеңберінде жобаға тәуелсіз көшпелі аудит жүргізу жоспарланып отырғаны туралы осы арқылы хабардар етеді.
Валидация және верификация жөніндегі органның (VVB) атауы: TÜV SÜD South Asia Private Limited (Үндістан).
Аудит өткізудің болжамды мерзімі: 2026 жылғы 10–15 желтоқсан.
Сапардың түпкілікті күндері мен бағдарламасы VVB-мен келісілгеннен кейін нақтыланады.
1. Далалық тексерулер өткізілетін орындар
Көшпелі тексерулерді Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы жоба іске асырылатын аумақта өткізу жоспарлануда.
Далалық тексерулер жоспарланған учаскелер:
Мәртөк ауданы: Қаратогай ауылы, Сарыжар ауылы
Қобда ауданы: Жарсай ауылы
Тексерілетін учаскелердің түпкілікті тізбесін, бағытты және бару ретін тәуелсіз аудиторлық топ айқындайды.
2. Мүдделі тараптармен кездесулер өткізілетін орындар
Мүдделі тараптармен кездесулер мен сұхбаттар өткізілетін негізгі орын:
«Green Horizon» ЖШС кеңсесі
Мекенжайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 32-үй.
Телефон: +7 775 847 0104
Электрондық пошта: info@greenhorizon.kz
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесулерді Ақтөбе облысының және жоба учаскелері орналасқан аудандардың тиісті әкімдіктерінің ғимараттарында, әкімдік өкілдерімен және аудиторлық топпен алдын ала келісу бойынша өткізу жоспарлануда.
Қажет болған жағдайда аудиторлық топ жергілікті тұрғындармен, жер пайдаланушылармен, жоба қызметкерлерімен және басқа да мүдделі тараптармен қатысушыларға қолайлы жағдайды, қарым-қатынастың тәуелсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ететін өзге келісілген орындарда жеке сұхбаттар ұйымдастыра алады.
3. Аудиттің мақсаты
Көшпелі аудиттің мақсаты – жобаның Verra VCS халықаралық бағдарламасының талаптарына сәйкестігін тәуелсіз бағалау.
Аудит барысында жобалық құжаттаманы, орман өсіру іс-шараларының орындалуын, мониторинг нәтижелерін, қолданылатын экологиялық және әлеуметтік талаптардың сақталуын, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды тексеру көзделеді.
Verra-ның қажетті рәсімдері аяқталып, VVB-мен келісілген жағдайда, жобаның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін растауға бағытталған SD VISta бағдарламасы бойынша бағалау да жүргізіледі деп жоспарлануда.
4. Мүдделі тараптардың қатысуы
Аудит барысында VVB өкілдері жергілікті тұрғындармен, жер пайдаланушылармен, жоба қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар өкілдерімен және басқа да мүдделі тараптармен кездесулер мен сұхбаттар өткізе алады.
Барлық мүдделі тараптар аудиторларға жобаны іске асырудың ықтимал оң немесе теріс әсерлері туралы өз пікірлерін, ескертулерін, ұсыныстарын және ақпаратын ұсына алады.
Мүдделі тараптар жоба пропоненті мен жер пайдаланушы өкілдерінің міндетті қатысуынсыз VVB өкілдерімен тікелей әрі тәуелсіз байланысуға құқылы.
Қажет болған жағдайда сұхбаттар аудиторлық топпен тікелей келісілген тәртіпте құпия түрде өткізілуі мүмкін.
5. Байланыс ақпараты
Валидация және верификация жөніндегі орган (VVB):
TÜV SÜD South Asia Private Limited
«Green Horizon» ЖШС
Байланыс тұлғасы: Нұрланова Ақнұр Нұржанқызы
Мекенжайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 32-үй
Телефон: +7 775 847 0104
Электрондық пошта: info@greenhorizon.kz
Жоба пропоненті:
«Green Investment Group» ЖШС
Байланыс тұлғасы: Түйенбаева Жанна Озатқызы
Электрондық пошта: zhanna.t@greeninvest.kz
Телефон: +7 701 577 55 10
6. Хабарламаны ұйымдастыру және тарату
Осы хабарламаны мүдделі тараптар арасында ұйымдастыру мен таратуды жобаны іске асыру жөніндегі серіктес – «Green Horizon» ЖШС қамтамасыз етеді.
Кездесулердің күндері мен орындары туралы нақтыланған ақпарат мүдделі тараптарға қосымша жеткізіледі. Жобаны тәуелсіз бағалау процесіне қатысқандарыңыз және ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.