G R E E N I N V E S T

Жүктелуде...

Далалық жұмыстар

Далалық жұмыстар
30 Oct

Ақтөбе облысының Қаратогай ауылында Green Horizon орман-климаттық жобасы аясында жаңа орман екпелерін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі далалық кезең жергілікті команданың қатысуымен учаскелерде топырақ дайындауды және ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануды қамтыды.

Орман қалыптастыру көптеген жыл бойы жүйелі жұмысты талап етеді. Отырғызудан кейін екпелерге күтім жасау, оларды қорғау және өсуін бақылау қажет. Дәл осы іс-шаралар ұзақ мерзімді орман-климаттық жобаның негізін құрайды.

Green Investment Group Green Horizon жобасын әдіснамалық тұрғыдан сүйемелдеп, халықаралық талаптарға сәйкес жобалық құжаттаманы дайындайды. Далалық жұмыстар мен олардың нәтижелерін құжаттау – жобаны дамытудың өзара байланысты бағыттары. Болашақ орманды қалыптастыру жолындағы бірлескен еңбегі үшін жергілікті команда мен серіктестерімізге алғыс білдіреміз.